Жаңалықтар

Әміржан Қосанов әлеуметтік желілерде тікелей эфирге шықты

Бүгін, 14 мамыр күні сағат 16-00-де, Қазақстан Республикасы Президентіне кандидат Әміржан Қосанов әлеуметтік желілерде тікелей эфирге шықты. 40 минутқа созылған эфир Инстаграм, Фейсбук, Ютуб желілерінде өтті.

Кандидат алдағы сайлауға қатысты жоспарымен бөлісіп, өз сайлауалды платформасында көрсетілген негізгі бағыттарды айқындады. Атап айтқанда, құжаттағы “Саяси бостандықтар” тақырыбын кеңінен ашып, өз позициясын рет-ретімен түсіндірді. Сондай-ақ, онлайн режимде бақылап отырған қолданушылардың саяси-әлеуметтік сауалдарына жауап беріп, олардың нұсқаған мәселелеріне де тоқталды.

Алдағы уақытта халықпен мұндай онлайн жүздесулер жалғасын табады. Келесі эфирдің уақыты қосымша хабарланады, ал тақырыбы сайлауалды платформаның келесі бір тармағы – “Ұлттық болмыс” болмақ.

Back to top button
Close
Close