Жаңалықтар

Түймекент тұрғындары Әміржан Қосановтың сайлауалды платформасымен танысты

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Түймекент ауылында 14 мамыр күні Әміржан Қосановтың облыстық сайлауалды штабының үгіт-насихат тобы жергілікті мәдениет залының ғимаратында тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесуге Ә.Қосановтың аймақтағы сенімді өкілдері:

Облыстық штабтың басшысы – Бақытжан Мақашев,
ҚР Білім беру ісінің үздігі, филология ғылымдарының кандидаты, ҚР Журналистер Одағының мүшесі – Темірбай Мұқашев,
ҚР Мәдениет саласының үздігі, республикалық дәстүрлі әншілер байқауының бірнеше мәрте жеңімпазы – Бақыт Шағырбаевтар қатысты.

Кездесу барысында еліміздің ішкі- және сыртқы саясаты, жергілікті халықтың әлеуметтік мәселелері талқыланып, содан кейін ең бастысы Ә.Қосановтың сайлауалды платформасы таныстырылады. Үміткердің платформасы кеңірек зерделеніп, түсіндіріліп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді. Кездесу соңында әнші Б.Шағырбаевтың орындауындағы әндер көпшілікке тарту етіледі.

Back to top button
Close
Close