Жаңалықтар

Ақмола облысында Әміржан Қосановты қолдауға арналған “дөңгелек үстел” өтті

Ақмола облысында ҚР Президентіне үміткер Әміржан Қосановты қолдауға арналған “дөңгелек үстел” өтті. Степногорск қаласындағы мәдениет сарайында үміткердің облыстық штабының мүшелері және сенімді өкілдері ел алдында сөз сөйлеп, сайлауалды платформасын таныстырды.

Жиынға 40-қа жуық адам қатысты. Кездесу модераторлығын облыстық сайлауалды штабтың басшысы Дархан Шөгшір атқарды. Кездесу барысында платформаның негізгі бағыттары талқыланып, қоғам белсенділері, білім беру саласының қызметкерлері, жастар мен қарапайым тұрғындар өз пікірлерін ортаға салды. Атап айтқанда, қатысушылар халықты рухани тұрғыда өркендету туралы тармақтарды атап өтті.

Пікірлесу барысында қатысушылар өздерінің өзекті сұрақтарына штаб мүшелері мен сенімді өкілдер тарапынан жауап алды. Кездесу соңында қатысушылар ортақ естелік суретке түсті.

Back to top button
Close
Close