Жаңалықтар

Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі делегациясымен кездесу өтті

Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі, Ислам ынтымақтастығы ұйымы және Түркітілдес мемлекеттердің парламенттік Ассамблеясы делегациялары ҚР президентіне үміткер Әміржан Қосановтың республикалық штабына келді.

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын бақылау миссиясы аясында ұйым өкілдері штабтың жұмысымен танысты.

Кездесу барысында кандидат сайлауалды платформасындағы негізгі бағыттар, өңірлердегі жұмыс және жуық арадағы өз жоспарлары туралы айтып берді.

Тараптар сайлауалды кезеңде жемісті ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға келісті.

Back to top button
Close
Close