Жаңалықтар

Қарағанды облысында сайлау бақылаушыларына арналған семинар-тренинг өтуде

Қарағанды облысының орталығында және аудандарында, Қазақстан Республикасы Президентіне үміткер Әміржан Қосановтың сайлауалды штабтарында сайлау күні учаскелерде дауыс беру процесін қадағалайтын бақылаушылар үшін семинарлар жалғасып жатыр.

Дос Көшім бақылаушылардың құқықтары мен міндеттері, сайлау кезінде орын алуы ықтимал түрлі жағдайлардағы әрекеттері жайлы түсіндіріп жатыр. Қатысушылар қызығушылық танытқан тақырыптарын көтеріп, барлық өзекті сұрақтарына жауап алады.

Болашақ байқаушылар еліміздің барлық өңірлерінде шынайы қызығушылық танытуда.

Back to top button
Close
Close