Жаңалықтар

Алматыда мәдениет қызметкерлерімен кездесу өтті

Бүгін Алматыдағы Ұлттық кітапханада ҚР Президентіне үміткер Әміржан Қосановтың қалалық сайлауалды штабының мүшелері және сенімді өкілдерінен құралған үгіт-насихат тобы мәдениет қызметкерлерімен кездесті.

Кездесудің модераторы қалалық штаб бастығы Мақсат Жақау болды.
Штаб мүшелері кандидаттың сайлауалды платформасын таныстырып, кандидаттың түрлі мәселеге көзқарасы жайлы баяндап берді.

Сондай-ақ олар қатысушылардың туындаған сұрақтарына жауап берді. Белсенділік танытқан шараға қатысушылар түрлі мәселе бойынша өз пікірлерімен бөлісіп отырды.

Back to top button
Close
Close