Жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облыстық штабында іс-шаралар өтуде

Петропавлда, Қазақстан Республикасы Президентіне үміткер Әміржан Қосановтың облыстық сайлауалды штабында сайлау күні учаскелерде дауыс беру процесін қадағалайтын бақылаушылар үшін семинар өткізілді.

Саясаттанушы Дос Көшім соңғы екі күн ішінде екінші солтүстіктегі өңірге барып, байқаушылар дайындауды жалғастыруда. Ол тренинг аясында бақылаушылардың құқықтары мен міндеттері, сайлау кезінде орын алуы ықтимал түрлі жағдайлардағы әрекеттері жайлы түсіндірді.

Сонымен қатар штаб мүшелері тұрғындармен кездесіп, кандидат туралы баяндап берді, сайлау платформасын түсіндіріп, үгіт-насихат материалдарын таратты.

Back to top button
Close
Close