Жаңалықтар

Ақмола облыстық штабында бақылаушыларға арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды

Көкшетауда, Қазақстан Республикасы Президентіне үміткер Әміржан Қосановтың облыстық сайлауалды штабында сайлау күні учаскелерде дауыс беру процесін қадағалайтын бақылаушылар үшін семинар өткізілді.

Саясаттанушы Дос Көшім бүкіл ел бойынша байқаушылар дайындауды жалғастыруда. Ол тренинг аясында бақылаушылардың құқықтары мен міндеттері, сайлау кезінде орын алуы ықтимал түрлі жағдайлардағы әрекеттері жайлы түсіндірді.

Back to top button
Close
Close