Жаңалықтар

Шығыс өңірдегі сайлаушылармен кездесулер жалғасуда

Қазақстан Республикасы Президентіне үміткер Әміржан Қосановтың Шығыс Қазақстан облысы бойынша сайлауалды штабы Зайсан, Аягөз, Қалбатау, т.б. кенттеріне келді.

Штаб өкілдері жергілікті тұрғындармен кездесіп, кандидаттың сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Халықпен кездесуде сенімді өкілдер платформаның негізгі бағыттарын атап өтіп, тұрғындарды толғандырған сұрақтарға жауап берді. Іс-шара барысында ауыл тұрғындары, ақсақалдар сөз сөйлеп, өз көзқарастарымен бөлісті, бірқатар мәселелер көтеріліп, шешу жолдары талқыланды.

Кездесу соңында қатысушылар ортақ естелік фотосуретке түсті.

Back to top button
Close
Close