Жаңалықтар

Сайлау бақылаушыларына арналған кезекті семинар-тренинг өтті

Елордада, Қазақстан Республикасы Президентіне үміткер Әміржан Қосановтың республикалық сайлауалды штабында сайлау күні учаскелерде дауыс беру процесін қадағалайтын бақылаушылар үшін семинар өткізілді.

Іс-шараның модераторы және тренері Дос Көшім болды, ол бақылаушылардың құқықтары мен міндеттері, сайлау кезінде орын алуы ықтимал түрлі жағдайлардағы әрекеттері жайлы түсіндірді.

Қатысушылар қызығушылық танытқан тақырыптарын көтеріп, барлық өзекті сұрақтарына жауап алды.

Back to top button
Close
Close