Жаңалықтар

Әміржан Қосановтың штабы үндеу жариялады

Кандидаттың штабы сайлау заңнамасына қатысты қиындықтарға ұшырап қалмас үшін, азаматтардың қолдауын білдіру жолдарына қатысты видеоүндеу жариялады.

“Құрметті Азаматтар!

Сіздердің ерекше қолдауларыңызға раxмет айта отырып, бір мәнді ескерте кетуді жөн санадық. Агитациялық материалдардың дайындалуы заңмен қатаң реттелген. Бұл сұраққа біздің штабта заңгер жауап береді. Дәл сол уақытта әлеуметтік желілерде әртүрлі мемдер, плакаттар және басқа кандидаттардың ар-намысына тиетін агитациялық материалдар жасалып, олар шынайы өмірде әр жерге жапсырылып бастаған. Бұл жағдайдың бізге зияны тиюі әбден мүмкін, себебі заңға қайшы келетін тұстары бар. Дәл осындай жағдай рұқсат етілмеген шерулерге де қатысты. Қалыптасқан жағдайда заңсыз болып табылатын әрекеттерді әлеуметтік желі беттерінен өшіруді, не өзгертуді сұрауымыз мүмкін. Бұл өтініштерге түсінушілікпен қарайсыздар деп сенеміз.

Ізгі құрметпен Әміржан Қосановтың сайлауалды штабы”, – делінген видеоүндеуде.

Back to top button
Close
Close