Жаңалықтар

ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы Әміржан Қосановтың сайлауалды штабына келді

16 мамырда ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы ҚР президентіне үміткер Әміржан Қосановтың республикалық штабына келді.

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын бақылау миссиясы аясында елші Уршула Гацек бастаған ұйым өкілдері штабтың жұмысымен танысты.

Кездесу барысында кандидат сайлауалды платформасындағы негізгі бағыттар, өңірлердегі жұмыс және жуық арадағы өз жоспарлары туралы айтып берді.

Тараптар сайлауалды кезеңде жемісті ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға келісті.

Back to top button
Close
Close