Жаңалықтар

Елордада үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

16 мамыр күні Қосанов штабының үгіт-насихат тобы Орталық базарда жұмыс жүргізді. Акцияға 15-ке жуық адам қолдау көрсетті: студенттер, белсенді жастар базардағы жүздеген тұрғындар мен астана қонақтары, сатып алушылар мен сатушылар арасында үгіт-насихат жасады.

Қатысушылар таратпа парақтар, науқандық материалдарды таратып, сұрақтарына сай түсіндірме жүргізіп, тұрғындармен суретке түсіп жатты.

Адамдар кандидаттың сайлауалды тұғырнамасының бағыттарына қызығушылық танытты. Олар сондай-ақ халықтың әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

Ал қаладағы Әуезов пен Мәскеу көшелерінің қиылысындағы аллеяда жастар флеш-мобы өткізілді. Ақ футболка киген волонтерлар «Таңдау – Қосанов» деген акцияда кандидатты қолдаушы жастар үгіт-насихат материалдарын, парақшалар таратып, кандидаттың позициясының бағыттарын түсіндірді, тұрғындармен фотосуретке түсті, сайлауалды ұрандарымен ән шырқап, жиылғандарға жастық дем берді. Демалушы тұрғындар жиі-жиі үміткердің Сайлау тұғырнамасының негізгі ұстанымдарын сұрастырып, қызығушылық танытты және жастардың белсенділігін атап өтті.

Атап өтейік, бұл үміткерді қолдаушы жастардың азаматтық белсенділігінің соңғы көрінісі емес, іс-шаралар бүкіл ел бойынша жүріп жатыр.

Back to top button
Close
Close